Қазақтың арасына ірткі салатын мұндай сорақы оқиға жайлы журналист Тоқтар Жақаш фейсбуктегі өз парақшасында жазды деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Жазбада сөзбе сөз былай делінген:
7-арнадан "Айнаонлайн" деген бағдарламаны оқта-текте көретінім бар. Жақында мынандай сюжет берді: бір ит екінші иттің сүйегін алайын десе, анау бермейді. Сөйтсе, анандай жерден ойыншықты әкеп, тастап жібереді. Бірінші ит сүйегін тастай салып, сол ойыншыққа жүгірді. Ал екінші ит жүгіріп, сүйекті тістеп алып кетті.
Жүргізуші Жасын Қанбаев: "Иттің осындай "найманатерьер" деген тұқымы шығарылды!" дейді мәз болып. Жасынды жарайды, жас шығар, ақымақ шығар дейік. Ал тұтастай 7-арнаның басшылығы қайда қарап отыр? Бұл қазақты ру-руға бөліп, бірін итке, бірін шошқаға теңеуді кім шығарған? Телеарна басшылығын тұтастай сотқа беру керек шығар? Сіз не дейсіз?