Наро-Фоминск маңындағы пойыз апаты салдарынан 24 адам ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наро-Фоминск маңындағы пойыз апаты салдарынан 24 адам ауруханада жатыр

Наро-Фоминск маңындағы пойыз апаты салдарынан 24 адам ауруханада жатыр

 Мәскеу түбінде болған апаттан кейін 55 адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

  • 21 Мамыр 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрі Нина Суслонова мәлімдеді.

«21 мамыр таңертеңге шаққанда, 55 адам ауруханаға жүгінген. 24 адам ауруханаға жатқызылған, оның 14-інің жағдайы ауыр және өте ауыр, 10-ы орташа ауыр жағдайда», — деп Н.Суслонова бүгін «Интерфакс» агенттігінің орталық кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Наро-Фоминскіде үш науқас жатыр, олапдың бірінің жағдайы нашар, екі адам отадан кейін ауыр хәлде. Бес науқас Телятинода (екеуі жансақтау бөлімінде, үшеуі жарақат бөлімінде), екі науқас әскери госпитальда (бірі – жағдайы жеңіл, екіншісінің жағдайы орташа). Тағы 13 науқас Мәскеу клиникасында.

Сейсенбі күні Мәскеуден 80 км жерде Бекасово — Нара өткелінде "Мәскеу-Кишинев" жолаушылар пойыззы мен жүк құрамы соқтығысқан. Алты адам қайтыс болды.