Нарыққа шыққан Qazaq Air билет құнын жасырып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нарыққа шыққан Qazaq Air билет құнын жасырып отыр

Нарыққа шыққан Qazaq Air билет құнын жасырып отыр

Елімізде көптен айтылып жүрген тағы бір әуе тасымалдаушысы пайда болды. Qazaq Air деп аталатын компания бүгін жолаушылар таситын ұшағын көрсетіп, нарыққа шыққандарын мәлімдеді.

  • 7 Шiлде 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Qazaq Air атақты канадалық «Бомбардьер» корпорациясының 3 ұшағын сатып алған. Бұл әлемдегі техникалық және жылдамағы жағынан да ең қауіпсіз лайнерлердің бірегейі. Сыйымдылығы 80 адам. Жанармайды аз жейді екен. Qazaq Air әзірше 12 бағыт бойынша, 9 қалаға ұшпақ. Су жаңа әуе компаниясы билет құнын ашып айтпады. Алайда, оның басқалардан салыстырмалы түрде арзан болатынын сендіріп бағуда. Алғашқы рейс 20-шы шілде күні Алматыдан Павлодарға ұшады деп күтіліп отыр. «Qazaq Air» 100 пайыз мемлекеттің меншігінде. Компания «Самұрық-Қазынаның» басқаруында. Жаңа әуе компаниясы нарықта бәсекелістікті арттырып, қызмет көрсету сапасын әлдеқайда жақсартады деп жоспарланған.