Нашақорлыққа немесе ішімдікке тәуелді адамдар саны көбейіп жатыр – сарапшы маман - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нашақорлыққа немесе ішімдікке тәуелді адамдар саны көбейіп жатыр – сарапшы маман

Нашақорлыққа немесе ішімдікке тәуелді адамдар саны көбейіп жатыр – сарапшы маман

Қазіргі таңда қоғамда ішімдікке, есірткіге тәуелділік мәселесі аса өзекті. Елімізде наркологиялық есепте тұрғандар саны әлі азаймай тұр.

  • 18 Қазан 2021
  • 1524
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Сaravan.kz медиа порталы тілшісіне Алматы қаласындағы «Аманат Рехаб» тәуелділікті емдеу орталығының директоры әрі бағдарлама жетекшісі Бекет Тәжікенов бірқатар сауалдарға жауап берді.

— Біз 5 жылдан бері тәуелділікке бейім адамдар мен олардың туыстарына көмек берумен айналысып келеміз. Бұл кешенді бағдарлама арқылы іске асатын кешенді терапия. Біз қоғамда осындай мәселеге тап болған адамдарға өмірде жаңа жол табуға, оларды салауатты жаңа өмір жолына бағыттауға көмектесеміз. Егер ойынқұмарлыққа тәуелді адамдар болса, біз оларға бұл жолға қайта оралмауға көмектесеміз. Бізге балалары ойынқұмарлықа салынған немесе күйеулері букмекерлік орталықтарға ақша тігетін адамдардың жұбайлары жиі хабарласады. Әсіресе, ауыр зардаптары шыға бастаған, несие алып жұмысынан айырылған, ажырасу шегіне жеткен, суицидтік ойлар келе бастаған, өмірге деген қызығушылығы жойылған, саналы ойлай білуді жоғалтқан жандар көп. Мұның бәрі отбасылық қарым-қатынасқа кері әсер етеді. Біз осы жағдайлардың бәрін қалпына келтіруге, әлеуметтік ұстанымын қалпына келтіруге, қыйындыққа төтеп бере білу және өз бойындағы құмарлықты тежей білу сияқты қасиеттерді қайтаруға қол ұшын созамыз. Жалпы тәуелділік бұл ДДСҰ өзінің реестріне қосқан әлеуметік ауруға жатады.

Сондай-ақ, біз ішімдікке салынған жандарға көмектесеміз, арақтан арылуға, емделуіне, ол адамдардың қайтадан сол жолға түспеуіне ат салысамыз. Бірінші кезекте, біз олардың салауатты өмір салтын ұстануына, қалпына келуіне, психикалық жағдайын қалпына келтіруге, қоршаған ортаға деген оң көзқарасының қалыптасуына, өз эмоциясы мен сезімін анықтап, дұрыс көрсете білуіне көмектесеміз. Себебі, мұндай адамдар ішкі сезімін, көңіл-күйін ішімдік, есірткі, яғни, психобелсенді заттарды қолдану арқылы басуға бейімделіп кетеді. Қысқасын айтқанда, бұл біршама уақытты алатын арнайы кешенді курс. Олармен біздің осы саладағы кәсіби мамандарымыз жұмыс істейді. Психологтар, психотерапевтер, алғашқы кезеңде нарколог дәрігерлер жұмыс істеп, арнайы терапия өткізеді. Ары қарай кезең-кезеңімен жеке дәрігері бақылайтын болады.

— Жалпы адамдар не үшін ішімдікке немесе нашақорлыққа құмар болады, себебі неде?

— Себебі тәуелді адамның ойлау жүйесі өзгеріп жатады. Жалпы әлдебір нәрсеге тәуелділіктің қалыптасуының 4 деңгейі болады. Оның себептері көп деп айтамыз. Мысалы жақында мендегі емделуші бір пациентке сұрақ қойдым, яғни осы жолға түсудің себебін таптың ба деп сұрадым. Дәрілік препараттар болады, трамодол, марихуана, сосын синтетика деген болады нифедрон, альфа, арасында ішімдік те қолданады. Сонда ол айтады, иә, көп ойландым, писхологтармен көп жұмыс істедім, енді түсіндім. Мен әскери болып оқу бітірдім. Ата-анам кішкентай кезден әскери боласың деп тәрбиеледі. Бірақ мен сол жұмысқа ақыры кіре алмадым. Туыстарымның үмітін ақтай алмадым дейді. Яғни өзін төмен санау сезімі оны басып тұншықтыра берген. Сосын ол оның жолын шынайы өмірден осындай амал арқылы яғни есірткі, ішімдік арқылы тапқан. Бірінші жай татып көрген, кейін тәуелді болып қалаған.

— Бұл бір адамның ғана оқиғасы…

— Иә, көбінесе біз мәселе ата-ананың тәрбиесіне, мектептегі тәрбиеге, оның ортасына байланысты деп айтамыз. Мысалы, тәрбиелі бала кішкентай кезде жаман ортаға тап болса, онда ол да теріс жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Басында ішімдік, есірткі басқада нәрселерді ерігіп бастап көреді, кейін тастай алмай қалады.

Біріншіден әр нәрседен хабарсыз адамдар болады, екіншіден қоршаған ортасына байланысты. Үшіншіден, керісінше жақсы отбасылар болады тәрбиесі дұрыс, бірақ бір кемшілік ондай ортада өскен балада жауапкершілік сезімі болмайды. Өйткені ата-аналары барлық мәселені өздері шешіп беріп үйренген. Қандай жағдай болса да ата-анасы шешіп береді. Яғни, ондай балада жауапкершілік сезімі болмайды, тек жеке сезімі ғана болады. Мұндай балалар ішімдікке, есірткіге салынса әуелгіде салдары қандай болатынын сезбейді, білмейді. Кейін дағдарысқа ұшырай бастайды. Осылайша тұлға бұзыла бастайды. Тәуелділіктің қалыптасуы бәрі кішкентай кезден басталады. Симптомдары бәріне өз қол жеткізе алатын кезде, яғни ақшасы болып, қалаған затын сатып ала алатын кезде басталады. Ал ішімдікке салыну көбіне 40 жастан асқандарда көбірек болады. Мысалы, әр адам ағаш егу керек, үй салу керек, бала өрбіту керек деген сөз бар ғой. Ал 40 қа дейін соның бәрін орындап, барлық жетістікке жетіп үлгерген ер адамдар енді не істейді? Барып ішеді. Ары қарай жоспар жоқ, ары қарай дамудың жолдарын көрмейді.

— Кейбір адамдар психотропты дәрілерді денсаулығына байланысты тұрақты қабылдайды. Мұндай жағдайда адамның уақыт өте тәуелділікке салынуы, мүлдем нашақорлықа дейін жетуі мүмкін бе?

— Әрине, әбден болады, дәрі-дәрмекке тәуелді адам болуы ықтимал. Біріншіден, невралгиямен ауырса да рецепт бойынша ішу керек, дәрігердің кеңесі бойныша пайдалану керек. Бақылауда болу керек. Ертеңгі күні дәрінің дозасын қарау керек, жағдайы қалай тексеріп отыру керек. Егер оны қарамаса, өздігінен қолданса жаңағыдай жағдайға түсіп қалады. Кейде бізге келген адамдар күйзеліске ұшырадық деп жатады. Сосын өздері барып дәрі алып ішкен. Кейін қоя алмай қойған. Ағза үйреніп қалады. Сол үшін оған мысалы невроз болса дәрі береміз, бірақ қосымша психологиялық көмек көрсету керек.

— Жалпы тәуелділіктен бір адамды емдеу үшін қанша уақыт кетеді, қаншалықты қиын?

— Дәрімен емдеу, қанды тазарту, ол прафилактикалық амалдар. Ол қысқа уақыт болуы мүмкін немесе емделушінің жағдайына қарай әрқалай. Бірақ ұзақ мерзімді писхотерапия керек. Психотерапия 3 айдан басталып 6 айға дейін созылады. Өйткені осы аралықта оның ойлау жүйесі, өмір сүру қалыбы өзгеру керек. Оның өзін өзі ұстауы өзгереді. Кейбір адамдар өз сезімін айыра алмай қалатын ауруға душар болады. Олар өз көңіл-күйін айыра да, ажырата да алмайды. Сол үшін ішеді. Мысалы дәрімен емделді делік. Оның түр-келбеті, денсаулығы жақсарды делік, енді ары қарай психологиялық көмек алмаса ертеңгі күні стресс болса, ашу немесе ренжу болса, қайта бастап кетуі мүмкін. Себебі, мұнай жағдайдан қалай өту керектігін ол білмейді. Барады да қайтадан ішеді. Көбіне мұндай адамдар өздерін кінәлауға бейім тұрады. Жұмысымды жоғалтып, отбасымды жоғалттым, қолымдағы барынан айырылдым деген күйзеліске тез бейім болады. Одан психологиялық тұрғыда шығудың жолын таба алмайды. Содан барады да қайтадан есірткі немесе ішімдік қолданады.

— Жалпы емделіп жатқан адамдардың қанша пайызы емін соңына дейін — аяқтамай қайта теріс жолға түсіп кетіп жатады?

— Бір 30-35 пайызы сондай болады. Емін соңына дейін алмайды, қайтадан сол жолға кіріп кетеді. Бірақ қалған 60-65 пайызы соңына дейін ем алмаса да өзгеріп, ол жолдан арыла бастайды. Өйткені мына жақтан ата-аналарымен де жұмыс істейміз. Олар өз тарапынан күш салады. Дұрыс қолдау жасайды. Осылайша әлгі адам дұрыс өмір салтына көше береді.

— Әйел адамдарды емдеу қиын дегенді айтады, қаншалықты рас?

— Қиын деп айтады. Неге олай айтады. Себебі осы сала бойынша кәсіби мамандар аз. Әйтпесе ешқандай қиын нәрсе жоқ. Кез келген адамды емдеуге болады. Тек дұрыс жолын, бағытын таба білу керек.

— Жалпы қалай ойлайсыз Қазақстанда нашақорлыққа салынған немесе ішімдікке тәуелді адамдар саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда көбейген бе, әлде азайып жатыр ма?

— Статистика бойынша көбейіп жатыр. Мысалы бізге осыдан 5 жыл бұрын қанша адам түсті, қазір қанша адам түсіп жатыр дегенді салыстырсам, көбірек. Өйткені есірткі түрлері де жаман, қауіпті болып кетті. Синтетика сияқты қатерлі түрлері бұрын болған жоқ. Ойынқұмаралық та көп, себебі қазір қолжетімді. Телефон арқылы ойынға ақша тігуге болады. Есіртікінің иіскейтіні де, шегетіні де, синтетика жалпы неше түрі көбейген. Оны пайдаланған адамың миында өзгеріс басталады. Бір қолданғанан өзгеріс болады және тәуелділікке әкеп соғады. Сондықан қазір көбеймесе азаймай тұр.