Науқастың аяғындағы оқты аңғармаған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Науқастың аяғындағы оқты аңғармаған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - ОҚО

Науқастың аяғындағы оқты аңғармаған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының прокуратурасы Қарабұлақ ауылындағы аурухананың үш қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz


Дәрігерлерге қызметтік міндетін орындау барысында салғырттық танытты деген айып тағылды, деп хабарлайды аудан прокуроры Сұлтан Орманов.

Оның айтуынша, қарулы шабуылдан кейін 49 жастағы кәсіпкер ауылдық ауруханаға жеткізілген.

Емделіп шыққаннан кейін жағдайы нашарлаған кәсіпкер бірнеше күннен соң аудандық ауруханаға түскен. Аудандық аурухана мамандары пациенттің аяғында оқ барын, жараның іріңдеп кеткенін анықтаған. Операция сәтті өтіп, аудандық дәрігерлер кәсіпкердің аяғын сақтап қалды.