Науқастың қашып кетуіне байланысты психоневрологиялық диспансерде тексеріс жүруде - Қарағанды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Науқастың қашып кетуіне байланысты психоневрологиялық диспансерде тексеріс жүруде - Қарағанды

Науқастың қашып кетуіне байланысты психоневрологиялық диспансерде тексеріс жүруде - Қарағанды

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар психоневрологиялық диспансерінен 17 жастағы науқастың қашуына байланысты тексеріс жүргізуде, деп хабарлады басқарма жетекшісі  Төлеген Сәдуақасов.

  • 12 Ақпан 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz

Мұндай оқиға болды. Ем-дом шаралары кезінде науқас медбикені итеріп жіберіп қашқан. Бұл туралы дереу полиция қызметіне және бізге, денсаулық сақтау басқармасына хабарланды. Біз қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Т. Сәдуақасовтың сөзіне қарағанда, сырқаттың қайда жүргені белгілі. «Оны Қарағандыда көрген, бұл туралы тәртіп сақшыларына айттық», — деді басқарма жетекшісі.

Қашқан 17 жастағы науқас ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала. Ол емханаға Осакаров ауданындағы жетімдер үйінен жеткізілген.