2014 жылдың 1-сәуірінде 17 млн 221 мың 100 адамға жетті.
Мемлекеттік статистика мамандарының пікірінше, наурыз айындағы табиғи өсім – 17 мың 500 адамды, ал 2014 жылдың қаңтар-наурызы аралығында – 59 мың 533 адам (2013 жылдың қаңтар-наурызында 56 мың 817 адам).
Демографиялық ахуалға байланысты өзге уақытша көрсеткіштер мынадай: туылған бала саны – 28 мың 345 (92 мың 838), өлім-жітім — 10 мың 514 (33 мың 305).
Агенттіктің хабарлауынша, 2014 жылдың наурыз айында республикамызда 11 мың 452 неке қиылса, жалпы қаңтар-наурыз аралығында — 31 мың 626 отау тігіліпті (2013 жылдың дәл осындай кезеңінде 34 мың 15 отбасы).
Сонымен қатар, қарашада 3 мың 677 неке бұзылған. Ал, жалпы, өткен жылдың бастапқы үш айында 11 мың 587 отбасы ажырасқан (11 мың 613).
Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-наурыз аралығында Қазақстаннан 87 мың 327 адам (69 мың 519) көшіп кеткен, керісінше, елге қоныс аударғандар саны 88 мың 116 адам (70 мың 409).
Көші-қонның оң сальдосы 789 адамды құрады.
