Жарияланды: 360

Назарбаев әлемдегі ең бай мемлекет Катарға барды

Назарбаев Арқаның аязын уақытша аптап ыстыққа ауыстырды. Парсы шығанағындағы ең ықпалды әрі өте бай Катарға мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті миллиондаған инвестицияға қол жеткізді.

Мұнай мен газдан пайда тауып отырғандықтан Катар мен Қазақстанның экономикасы ұқсас. Бірақ, шөлейтте жатса да, шейхтар шекесі шылқып өмір сүреді. Сондықтан бұл тұста Қазақстанның үйренері көп. Нұрсұлтан Назарбаев пен Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани бәсеңсіп қалған алыс-берісті көбейтуге келісті. Бір-бірінен өте алшақ орналасқан қос ел сауда-саттықты арттыру үшін Астана былтыр құрылысы аяқталған Иран портын пайдалануға шақырды. Байланысқа жаңа серпін беретін бірнеше құжатқа қол қойылған ресми кездесуде Катар Әмірінің атын иеленген Елордадан мектеп салынатын болды. Құрылысқа жері бөлініп қойған білім ордасын салуға монарх 12 миллион доллар жұмсамақ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін