Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев Алматыда метро құрылысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп жатқанын, екінші кезеңге 224 млрд теңге бөлінетінін еске салды.
«Мүмкін бір жерін тоқтатып, содан кейін жалғастырармыз? Құрылысты тоқтатпау үшін, мектептерге, балабақшаларға беру үшін сол жердің резервтерінен алайық», деп Н.Назарбаев Алматы әкімі Ахметжан Есімовке ұсыныс айтты.