Қазақстанда ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылсын", — делінген жарлық мәтінінде.
Бұрынғы министрліктің ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне берілді. Ал қоғамдық даму министрі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды.