Назарбаев Ақтөбедегі Мұз сарайын аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Ақтөбедегі Мұз сарайын аралап көрді

Назарбаев Ақтөбедегі Мұз сарайын аралап көрді

Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды.

  • 16 Қазан 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

***

Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.