Назарбаев: Астанада жаңа үйлердің бағасы тым жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Астанада жаңа үйлердің бағасы тым жоғары

Назарбаев: Астанада жаңа үйлердің бағасы тым жоғары

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Астананы дамыту мәселелеріне арналған жиында астаналық тұрғын үй бағаларына қатысты деректерге назар аударды.

  • 27 Қараша 2013
  • 417
Фото - Caravan.kz

"Орташа алғанда, бір шаршы метрдің бағасы өзіндік құнынан 2-3 есеге артық. Мәселен, "Еуропа Палас" тұрғын үй кешенінде пәтердің бір шаршы метрінің өзіндік құны 1000 доллар болғанда пәтерлердің метрі 3,5 мың доллардан сатылып отыр. "Хайвиллде" өзіндік құны 1,5 мың доллар, оның бағасы қазір 4-5 мың доллар. "Париж кварталында" өзіндік құны 1300 доллар болғанда пәтерлердің метрі 5 мың доллардан сатылып отыр", деді президент.

Н.Назарбаев атап өткендей, "Европа Паласты" салушы компания небары 1,6 млн теңге салық төлеген.


Президент бұл мәселені кешенді шешу керек деп айтты.

"Цемент шығаратын кәсіпорындар ымыраласып отыр, бағаны көтерген. Бәсекелестікті қорғау агенттігі қайда қарап отыр?! Әрине, пайда болуға тиіс, бірақ 5-6 есе емес қой!  Сәйкесті мемлекеттік органдар бұл мәселемен айналысуға тиіс", деді елбасы.