Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мерзімінен бұрын өтетін сайлау кезінде заңдылықтардың мүлтіксіз орындалуын бақылаңдар. Прокуратура барлық жерде заңның бұзылмауын қырағы қарап отыру керек. Заң бұзылса, тиісті шешім қабылдаңдар.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев, Асхат Дауылбаевқа халық мұң-мұқтажына қатысты шағымдарды дереу қарап нақты шешім қабылдауға тапсырма берді. Әсіресе, жұмыс берушісі құқығын таптап жалақысын ала алмай жүрген еңбеккерлер, басқа да әділетсіздіктерді заңға сәйкес оң шешілуін қадағалауды міндеттеді.