Есеп комитетінің төрағасы президентке министрлер мен әкімдерге қатысты әшкерелеуші материалдарымен келген. Себебі сауатты жоспардың жоқтығынан бюджеттің миллиардттары игерілмей жатыр. Былтыр қаржылық заңбұзушылықтық 716 миллиард теңгеге жеткен. Мақсатты жұмсалмаған 75 миллиард дереу қазынаға қайтырылыпты. Бұған көңілі толмаған Нұрсұлтан Назарбаев, Есеп комитетінің төрағасына Ұлттық қордан бөлінетін қаражатқа бақылауды күшейтуге пәрмен берді.