Назарбаев Келімбетовке ғаламдық экономикадағы өзгерісті бақылауда ұстауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Келімбетовке ғаламдық экономикадағы өзгерісті бақылауда ұстауды тапсырды

Назарбаев Келімбетовке ғаламдық экономикадағы өзгерісті бақылауда ұстауды тапсырды

Алпауыт мемлекеттердің өзара ерегісі ғаламдық экономикаға салқынын тигізуі мүмкін. Себебі Украинаның Қырым аймағында өткізілген референдумнан соң АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге санкция салғалы жатыр. 

  • 18 Наурыз 2014
  • 171
Фото - Caravan.kz

Бұл өз кезегінде, Ресеймен кеден одағына мүше Қазақстан экономикасына әсер етуі ғажап емес. Сондықтан Елбасы бүгін Ұлттық банктің төрағасын қабылдап, Қайрат Келімбетовпен жағдай ушығып кеткен жағдайда не істеу керектігін сөз етті. Президент бас банкирге  әлемдегі қаржылық ахуалды ұдайы бақылауда  ұстауды тапсырды.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Қазіргі жағдайда Батыстың не айтып жатқанына мән беріп отыру керек. Себебі біз Ресей, Беларусьпен бірге Кеден одағындамыз. Сондықтан  қандай қауіп бар бәрін саралап елеп-екшеп отыруға тиіспіз.