Назарбаев күйеу баласын түрмеге қамаудың оңайға соқпағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев күйеу баласын түрмеге қамаудың оңайға соқпағанын айтты

Назарбаев күйеу баласын түрмеге қамаудың оңайға соқпағанын айтты

Елбасыдан ескерту! Нұрсұлтан Назарбаев ағайын-туыс пен дос-жарандарына заңның «хан мен қарашаға бірдей» екенін тағы естеріне салды. Мемлекет, алдағы ауқымды жобалар, атқарылған істер мен отбасы жайлы Президенттің ағынан жарылған ашық әңгімесі ертең КТК арнасынан көрсетілмек. Кешкі 9 жарымда «Назарбаевпен маңызды сұхбат» атты фильмді өткізіп алмаңыздар.

  • 1 Шiлде 2015
  • 232
Фото - Caravan.kz

Деректі фильмде мұрағаттағы бұған дейін ешкім көрмеген бейнежазбалар көрсетіледі. Бұл үшін арнайы 10-20 жыл бұрынғы ақпараттар мен бейнематериалдар жинақталған. Нұрсұлтан Назарбаев өзі туралы, ел басына қиын-қыстау күн туғанда қабылданған маңызды шешімдер туралы айтқан. Бұған қоса Еуразиялық одақ пен Астана туралы да кеңінен сөз қозғайды. Тіпті, Елбасы мемлекет қаржысына қол сұққан жемқорлар мен ең жақын адамдарын түрмеге қамаған ауыр күндері туралы да баяндап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Я посадил отца моих трех внуков. Думаете они со слезами ко мне не приходили вместе с матерью? Приходили. Думаете я не переживал? Конечно переживал. Но когда видел, что это явно, что это просто сверх вон, я не остановился перед этим. Убиты два человека молодых. Помните заместител
ей банка его. Как можно прощать и сколько бизнесменов от него пострадали?!