Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлау өтпейтінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлау өтпейтінін мәлімдеді

Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлау өтпейтінін мәлімдеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау өтпейтінін мәлімдеді.

  • 6 Ақпан 2019
  • 56
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің Конституциялық Кеңеске үндеуі өте қарапайым мәселенің бірі екенін түсіндірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Бірақ, бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңымызда, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның мәлімдемесі Ақордаданың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске Конституцияның 42-бабының 3-тармағын түсіндіру туралы өтініш білдірді, әңгіме мемлекет басшысының өкілеттіктерін тоқтату шарттары туралы болды.
 

"Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруіме байланысты қысқаша жауап берсем деймін. Конституцияда президентті алмастыру жолдары айқындалмаған, сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар. Бұл аспектілердің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Конституциялық Кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым", — деп түсіндірді Назарбаев.


Ол Конституциялық кеңеске тағы да бір өтініш берілетінін айта кетті. Ол әкімшілік жазаға тартылғандарды мәжбүрлі еңбекке жіберу мүмкіндігін қарастыруға қатысты болады.

Айта кетейік, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған сәттен бастап осы күнге дейін Конституциялық Кеңеске 220 өтініш, соның ішінде Президенттен 22 өтініш жолданған.

 

Соңғы жаңалықтар