Еңбеккерлердің басты қорғаушысы өзі екенін жасырмаған Елбасы, болат магнатынан жалақыны кешіктірмеуді талап етті, — деп хабарлайды КТК арнасы.
Теміртаудағы метталлургиялық комбинаттың қожайыны Лакшми Миттал президенттің ұсынысымен сөзсіз келісті. Осы кездесу үшін Лондоннан ұшып келген әлемдегі ең бай адамдардың бірі — компания табысының көбейіп келе жатқанын да қуана хабарлады.
Тіпті болат өндірісін 6 миллион тоннаға жеткізуге дайын екенін айтып ағынан жарылды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, үнді миллиардеріне металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады.
