Назарбаев пен Меркельдің кездесуі жабық жағдайда өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Меркельдің кездесуі жабық жағдайда өтуі мүмкін

Назарбаев пен Меркельдің кездесуі жабық жағдайда өтуі мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельмен Украиндағы жағдайды талқылайды. Германия канцлері мен Қазақстан президентінің екіжақты бейресми кездесуі ертең Берлинде өтпек- деп хабарлайды КТК телеарнасы.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz


Бұл Қазақстан басшысының Германияға ресми де, жұмыс та сапары емес. Сондықтан, мемлекеттер деңгейіндегі ешбір құжаттарға қол қою болмайды. Салтанатты шаралар да қарастырылмаған. Тіпті, мемлекет басшыларының кездесуі жабық жағдайда өтуі мүмкін.Дегенмен, кездесудің не туралы болатыны әзірден белгілі. Украинаның шығысындағы жанжалды реттеумен қоса Астанада өтетін «норманд форматындағы» келіссөз жайы сөз болмақ. Келесі аптаға жоспарланған Елордадағы кездесуге осы Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Петр Порошкено қатысады.