Назарбаев қазақстандықтарды отандық көлікке мінуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев қазақстандықтарды отандық көлікке мінуге шақырды

Назарбаев қазақстандықтарды отандық көлікке мінуге шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгін «СарыарқаАвтоПром» компаниясы шығарған алғашқы Nomad көлігі таныстырылды. 

  • 21 Желтоқсан 2013
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Мен алғашқы қазақстандық SsangYong Nomad көлігін назарыңызға ұсынып отырғаныма қуаныштымын. Енді Қазақстанда көліктердің толыққанды өндірісі құрылды, бұл басы ғана, алдыда Toyota Nomad жобасын іске қосу, Кеден одағы нарығына шығару, жаңа брендтер тарту бар», — «СарыарқаАвтоПром» компаниясының директоры Алексей Сидоренко Индустрияландыру картасының инвестициялық таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

Мемлекет басшысы компания ұжымын осы айтулы оқиғамен құттықтап, барлық қазақстандықтарды бұдан былай тек отандық көліктер сатып алуға шақырды.