Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын оқушыларға көрсеткен қамқорлығы үшін мақтады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы Владимир Школьникті әлеуметтік жобалар жүзеге асыруды қолға алып, қазақстандық оқушыларға қамқорлық көрсете бастағаны үшін мақтады. |
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдегендей, бүгінгі күні қалада 6 ірі құрылыс жүріп жатыр, оның 4-еуі биыл – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында салынып бітеді. Бұл ағылшын үлгісіндегі Хэйли Бери мектебі, күмбезді мешіт, телерадиокешен, оқушылар сарайы, соңғысының құрылысын «Қазатомөнеркәсіп» қаржыландырып отыр.
«Мен кеше ол жерде (оқушылар сарайында - ҚазТАГ) болдым, құрылыс салынады. Бұл – ерекше нысан, ондай жоқ шығар, Владимир Сергеевич?», - деді ол компанияның басшысына қаратып айтқан сөзінде.
«Балалар туралы ойлай бастағаның дұрыс», - деп қолдады мемлекет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін