Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ТМД мемлекет  басшыларының бейресми  саммитіне қатысады

Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Ақпан 2008
  • 685
Фото - Caravan.kz

«Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекеті басшыларының бейресми басқосуы өтеді. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы жоспарланған «, — деді Е. Ашықбаев.

Ол атап өткеніндей, саммит барысында ТМД аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ 2007 жылдың 5 қазанындағы ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы аясындағы негізгі шараларды жүзеге асыру жоспары да қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті