Назарбаев: Украинаға алдымен экономикамен айналысу қажет, ал саясат содан кейінгі орында - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Украинаға алдымен экономикамен айналысу қажет, ал саясат содан кейінгі орында

Назарбаев: Украинаға алдымен экономикамен айналысу қажет, ал саясат содан кейінгі орында

Украинадағы оқиғалар елдегі экономикалық ахуалды шиеленістіріп жіберді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

  • 5 Ақпан 2014
  • 498
Фото - Caravan.kz


«Өздеріңіз ойлап көріңіздер: сарапшылар Украинадағы ахуалға қатысты не айтса да, оның негізгі себебі әлеуметтік проблемаларда жасырынып жатыр. Кеңес одағының экономикасын білетін адамдар Украинаның Ресейден кейінгі екінші қуатты республика болғанынан хабардар. Ал, қазір Украина экономикасының жалпы көлемі Қазақстан экономикасынан 25 пайыз кем. Олай болмауы тиіс еді. Экономикасы мықты, халқының саны 50 миллионға жақындайтын ел бірінші кезекте экономикамен, содан кейін ғана саясатпен айналысуы тиіс», — деді ол сәрсенбі күні шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесуде.