«ЭКСПО-2017» компаниясының президентін орнынан алдық. Бұл мен үшін өте ауыр жағдай болды. (…) Өсуге мүмкіндік беріп, жылдар бойы тәрбиелеген, мемлекет қаражатын сеніп тапсырған жігіттердің өз қолын өзі шауып, өз өмірінің күл-талқанын шығарғаны жанға батады», — деді президент сәрсенбі күні республикалық телеарнала көрсеткен «С Назарбаевым о главном» фильмінде.
«ЭКСПО-ны» бәрі бақылап отыр, оны дәл біз жасап жатқанымызды мақтан тұтамыз. Мен оны шақырдым да былай дедім: «Мен осы істі саған тапсырамын және мұны мұқият қадағалап отырмын. Байқа, ол жаққа біз ұлттық қордағы мемлекет қаржысын жұмсап жатырмыз. Оны бәрі – Есеп комитеті де, Қаржы полициясы да, әр тиынның қайда кеткенін тексеріп отыратын арнайы комиссия да бақылайды», — деді президент.
«Соңғы жылдары Павлодар облысының, Атырау облысының, Қарағанды облысының әкімдері жемқорлықпен қолға түскенін неге ұмытамыз. Олардың бәрі де менің танысым болатын. Мен Қарағанды облысының әкімін бұрыннан білетінмін және оны өте құрметтейтінмін. Ол премьер-министр қызметіне дейін өсті, енді қамауда отыр, өйткені, оған қарсы айғақтар бар», — деді Н.Назарбаев.
Президент мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыратынын атап өтті.
«Министрлерді, олардың орынбасарларын түрмеге отырғыздық. Басқалар туралы мүлдем айтып отырған жоқпын. Яғни, қазір аяусыз күрес жүріп жатыр және мұны қатардағы шаруа деп ойламаңыздар. Адам ешқашан өз қатесін мойындамайды. Мемлекет қаржысына қол сұғуға болмайды. Қараңыздаршы, Қытайда қандай күрес жүріп жатыр. Си Цзиньпинь төраға болып келгелі бері жүз мың шенеунік түрмеге жабылды. Сондықтан, түсінсеңіздер түсіндіңіздер, болмаса мәжбүри түрде ұғындырамыз», — деп қорытты ол.