Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ташкентке атбасын тіреді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, сапар шеңберінде Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовпен кездесу жоспарланған. Кездесуде екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.