Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде ешкім күтпеген оқиға болды – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде ешкім күтпеген оқиға болды – видео

Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде ешкім күтпеген оқиға болды – видео

Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королімен теннисші Рафаэль Надальдің телефоны арқылы сөйлесті

  • 25 Қазан 2019
  • 64
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы монархымен телефон арқылы бейресми сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Хаттамада көрсетілмеген бейресми қоңырау Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичтің Назарбаевпен кездесуі кезінде, аяқ астынан соғылды. Қос теннисші Нұр-Сұлтан қаласына қайырымдылық матчын өткізуге келген болатын.

"Теннис матчы алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғысын білдіріп, Рафаэльден досына сәлем айта баруын өтінді", — деп жазды Үкібай.

Кенеттен Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы монархының телефон нөмірін теріп, тұтқаны Елбасыға берді.


Үкібай жариялаған видеодан Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы жылы жүзбен сөйлесіп жатқанын көруге болады.

​Қазақстан астанасына бір күндік сапармен келген әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында қайырымдылық матчы өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар