NCOC және AGIP KCO компанияларына Қашағандағы апат үшін 134,2 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
NCOC және AGIP KCO компанияларына Қашағандағы апат үшін 134,2 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін

NCOC және AGIP KCO компанияларына Қашағандағы апат үшін 134,2 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін

North Caspian Operating Company мен AGIP KCO компанияларына Қашаған кенішіндегі апат үшін 134,2 млрд теңге төлеу туралы ескерту берілді.

  • 7 Наурыз 2014
  • 653
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінен хабарлады.

«Атырау облысының экология департаменті North Caspian Operating Company мен AGIP KCO компанияларына өңдеу кешендеріндегі қондырғыларда қышқыл газды жағып, ауаны ластағаны үшін 134,2 млрд теңге өтемақы төлеу туралы ескерту берді», — дейді министрліктегілер.

2013 жылдың 24-қыркүйегінде «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытында газ құбыры жарылып, ауаға күкірт қышқылы тараған болатын. Апат салдарынан газдың қалғаны Қашағандағы факельдер мен теңіз бетіндегі кешендерде өртелді.