"Не қыз емес, не ұл емес" Жынысы жоқ жеті жасар балаға дәрігерлер неге көмектесе алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не қыз емес, не ұл емес" Жынысы жоқ жеті жасар балаға дәрігерлер неге көмектесе алмай отыр

"Не қыз емес, не ұл емес" Жынысы жоқ жеті жасар балаға дәрігерлер неге көмектесе алмай отыр

Жеті жастағы бала əлі күнге жөргек киіп жүреді. Себебі өздігінен дəретке отыра алмайды.

  • 15 Желтоқсан 2020
  • 198
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кішкентай сəби өмірге келгелі осындай хəлде. Жыныс мүшесі дамымай қалған.

Еріктің анасы: (аты-жөні өзгертіліп алынды)

"Балам туыларда маған өздігіңнен туа алмайсың. Кесір тілік жасатпасаң болмайды деді. Сосын баламды əйтеуір өмірге алып келдім. Одан кейін врачтар адам болмайды балаңыз, қоштасып алыңыз деді. Баламды қолыма да берген жоқ. Қозғалтуға болмайды деп. Кірдім бөлмеге балам қош бол, менің қолымнан келер шара жоқ, маған ренжімеші деп жылап қоштастым. Артынан дəрігерлер келіп ғажайып орын алды балаңыз тірі деп қуантты"  — дейді.

Міне осылай аман болып келе жатқан бала биыл жетіге келді. Бірақ əлі күнге дейін өздігінен дəрет сындыра алмайды. Жөргекке жатады. Қуығы сыртында тұрады, содан зəрі тамшылап тұратын көрінеді.


Емі тек операция ғана.Ал қазақстандық дəрігерлер мұндай отаны жасай алмайтындықтарын айтыпты.

Шетелге барып жасату үшін анасы Жазира қаржы жағы жетіспейтіндігін айтады. Дегенмен ана жүрегі үмітін үзгісі келмейді. Қазір  жеті жасқа келген бала енді қатарластарынан қатты қысылатын жағдайға жеткен