Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 12,4%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 12,4%-ға өсті

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 12,4%-ға өсті

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 12,4%-ға өсті, бұл болжамдағы деңгейден біршама артық. Бүгін үкіметте өткен кеңейтілген отырыста еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық капитал нарығына шығу мүмкіндігі шектелетіндігіне байланысты банк жүйесінің несиелендіру көлемі айтарлықтай азаяды деген болжамдар расталмады. Жылдың бірінші жартысында несиелендіру көлемі өзгеріссіз қалды, оған заңды тұлғалардың депозиттері көлемінің ұлғаюы септігін тигізді», -деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, жылдың басынан бері резиденттердің депозиттерінің көлемі 13,8%-ға өсті. «Жекелеген индикаторлардың өсім қарқыны баяулағанына қарамастан, еліміздің қаржы жүйесі тұрақты әрі тиімді екенін көрсетті», — деді министр.

Жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктердің балансы бойынша жеке капиталы 5,8%-ға өсті, ал 2008 жылдың мамыр айында банктердің жиынтық активтерінің көлемі 2,1%-ға өсті.

Энергиялық ресурстардың бағасының өсуіне байланысты кейінгі жылдары алғаш рет ағымдағы есептің ( бірінші тоқсанда $3,8 млрд) және төлем балансының оң сальдосы қалыптасты.

Ұлттық қорды қосқанда, еліміздің халықаралық резервтері жылдың бірінші жартысында 21,4%-ға $46,9 млрд дейін, сыртқы сауда айналымы 42,5%-ға, соның ішінде экспорт 60,7%-ға, импорт — 15,5%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті