Жарияланды: 2000

Неміс ғалымы қазақтардың қазір неліктен тоқал алмайтынын түсіндірді

Неміс ғалымы қазақтардың қазір неліктен тоқал алмайтынын түсіндірді Сурет - alashainasy.kz

Немістің атақты философы, психотерапевті әрі дін маманы Берт Хеллингер «отбасылық орналастыру» атты терапевтік тәсілдің негізін қалап, осы тақырыпты көп зерттеген. Бұл үрдіс қазір Hellinger Leben Schule-де жалғасын тауып келеді.

Аталған оқу орнының доценті Вольфганг Дойсер Caravan.kz медиа-порталы үшін сұхбат берген еді. Соның көп әйел алуға қатысты айтқандарын ғана оқырман назарына ұсынамыз.

«Көп әйел алу дәстүрі әйелдерге кепілдік беретін болған. Яғни ер азамат барлық жұбайын тең дәрежеде қамтамасыз етуге міндеттелген. Осыдан кейін әйелдері оның тағы үйленуіне келісім береді. Бірақ қазір қоғам өзгеріп жатыр. Бір жағынан әйелдер өз-өзін асырай алатындай жағдайға жетсе, екінші жағынан еркектер көп әйелді қамтамасыз ете алмайтындай болып қалған. Бір некемен шектелу осыдан шығып отыр. Бұл – құптарлық нәрсе. Өйткені осы арқылы еркек пен әйел теңесіп, бір-біріне деген құрметі артады. Қазіргі әйелдердің күйеуінің қайта-қайта үйленуіне келісім бере қоймайтыны содан» дейді Вольфганг Дойсер.

Вольфганг Дойсер
Вольфганг Дойсер

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін