Неміс ұлтының өкілі: Нағыз ұлы халық - қазақтар - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс ұлтының өкілі: Нағыз ұлы халық - қазақтар

Неміс ұлтының өкілі: Нағыз ұлы халық - қазақтар

Қазақстанда туып-өскен неміс ұлтының өкілі қазақтарға алғыс айтқан видеосын ғаламторға жариялады. Қазір оны әлеуметтік желі қолданушылары бірінен бірі алып, кеңінен таратып жатыр.

  • 15 Ақпан 2017
  • 3618
Фото - Caravan.kz

Видео авторы Ресей мен Украинадағы қандастарын да көргенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Оның ойынша, солардың арасында ең мейірімдісі, ең қонақжайы Қазақстандағы немістер екен. Өйткені олар осындай жақсы қасиеттердің бәрін қазақтардан үйренген.  

"Қазақтар біздің жер аударылып келген ата-бабаларымызға қамқор болды, нанын бөліп берді. Анау чешендерден, татарлардан, Балтық елдерінің өкілдерінен сұрап көріңіз. Кезінде Қазақстанға депортацияланған өзге ұлттардың 90 пайызы аман қалған. Кеңес одағының сарбаздары оларды азап лагерьлеріне жіберді. Ал қазақтар солардың балаларын бағып-қақты. Біз осының арқасында аман қалдық. Бірақ қазақтар ешқашан осындай ұлы халықпыз деп кеудесін соққан жоқ. Олар ресейліктер сияқты емес. Қазақстанда туып-өскен бір досым Ресейге көшіп барған ғой. Сөйтсе, оған жергілікті тұрғындар күн көрсетпей қойыпты. Балаларына тиісіп, ақыр аяғында үйін өртеп тынған. Сөйте тұра ондағылар өздерін ұлы халық санайды, ал қазақтарға мұрын шүйіре қарайды. Жоқ. Меніңше, нағыз ұлы халық — қазақтар" деп ағынан жарылады неміс ұлтының өкілі.   


🇰🇿🇩🇪

Posted by Artek Aramis on Tuesday, February 14, 2017