Айта өтейік, жаңа валюта осы жылдың қараша айында айналымға енуі тиіс болатын. Оның дизайнына ала жаздай 2 миллиард теңге жұмсалған-ды. Есесіне, бас қаржыгер 200 және 500 номиналды теңгелерді көбейтпекші. Өйткені, тұрғындар арасында майда ақшаға сұраныс артқан. Сондай-ақ, Келімбетов жаңа жылдан бастап несие беруді де қысқартамыз деп отыр. Себебі, кезінде ашкөзденіп несиені оңды солды таратқан банктер, қазір шығынға батып отырған көрінеді.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Сол тұтыну несиелері өспес үшін біз ендігі жылдан жұмысты жалғастырамыз. Егер кей банктер 30 пайыздан астам үлкен өсу болса, біз олармен қатты айналысамыз.