"Несие рақымшылығы болмайды" Ғаламторда жалған ақпарат таратқан кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Несие рақымшылығы болмайды" Ғаламторда жалған ақпарат таратқан кім?

"Несие рақымшылығы болмайды" Ғаламторда жалған ақпарат таратқан кім?

Қазақстанда тағы да кредиттік амнистия жасалады.

  • 2 Маусым 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Үкімет оның мерзімін ұзартуды ұсынды. Бұл шара алдыңғы амнистиға ілінбей қалған азаматтарды қамтып, олардың қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша әлеуметтік жағынан осал топтардың ішінде 300 мың теңгені кешіру шарасын пайдаланып үлгермеген азаматтар мұның шапағатын көреді.  Бүгін интернетте осындай сарында ақпарат тарап, қазақстандықтарды бір елдең еткізіп тастады. Бірақ, отандастырымыз бұл жаңалыққа қуанып үлгерместен жатып Еңбек және халықты қорғау министрлігі оны жоққа шығарды.

Бұл туралы «Еуразия» бірнші арнасы хабарлайды.

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІНЕН ҮЗІНДІ: "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Үкіметтің 2019 жылғы 15 шілдедегі кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулының жобасын әзірледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту үшін қаражатты пайдалану мәселелері» тақырыбындағы жұмыс 2020 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асырылды. Бүгінгі күні қарызды есептен шығару бойынша барлық жұмыстар аяқталды және оларды қайта жалғастыру күтілмейді".

Ведомство мәліметінше, ақпаратты таратушылар  "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжаттың жобасын дұрыс түсіндбей қалса керек. Бүгінгі күні борышты есептен шығару бойынша барлық жұмыс аяқталыпты. Ал Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан кредиттік амнистия кезінде қиын жағдайға тап болшған 580 мыңнан астам отандасымыздың 120 млрд теңгеге жуық қарызы кешірілген екен. Ол кезде әлеуметтік жағынан осал топтардың тұтынушылық кредиттері бойынша негізгі қарыздың 300 мың теңгесі өтелген. Ал бүгінде қарызды кешіруге қатысты барлық жұмыс толық атқарылыпты Оны қайта бастау жоспарланып отырған жоқ. 


Соңғы жаңалықтар