«Nexia» мен «Matiz» маркалы көліктерін жеткізуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Nexia» мен «Matiz» маркалы көліктерін жеткізуге тыйым салынды

«Nexia» мен «Matiz» маркалы көліктерін жеткізуге тыйым салынды

Қазақстанға «Nexia» мен «Matiz» маркалы көліктерін жеткізуге тыйым салынды! Бұған Кеден одағының техникалық регламенті себеп болыпты. Жаңа талаптар бойынша машиналарда кемі бір қауіпсіздік жастығы, тежегіштің ABS жүйесі, бүлдіршіндер орындығын бекітуші құрылғы болуы тиіс. Ал өзбектің бұл көліктерінде аталғандардың бірі жоқ. Қауіпсіздік жастығы мен ABS осы санаттағы ресейлік көліктердің де ешқайсында жоқ. Бірақ оларға келесі жылға дейін жеңілдік жасалып отыр.

  • 22 Ақпан 2014
  • 707
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның қай түкіпірінде де өзбектің осы «Нексиясы» мен «Матизы» толып жүретіні шындық. Өйткені бағасы қолжетімді. Енді ортаңқол азаматтардың жаңалай тақымдап жүрген бұл көліктер «көзден бұлбұл ұшады». Өйткені өзбектер құрастырып жүрген бұл машиналар Кеден Одағының техникалық регламентіне сәйкес емес екен.

Дінмұхамед Балтақожаев, «УЗАВТО ҚАЗАҚСТАН» ЖШС бас директоры:

-Нексия және Матизде қауіпсіздік жастығы, тежегіште ABS жүйесі, бүлдіршіндер орны жоқ деген уәжбен жаңа нормаларға сәйкес емес деп шешілді. Сондықтан енді сатпаймыз.

Салдарынан, компания 2014 жылға жеткіземіз деп жоспарлаған 20 мың машинасын елінде қалдырыпты. Әзірге Қазақстан бойынша қоймада қалған машиналар ғана саудалануда. Оның өзі санаулы.


— 
Бұл сатылып кетті. Иесін күтіп тұр

Якубжан Мәсімов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жұмысқа жақсы машина негізі. Қарапайым адамдарға керек қой. Сатылмаса қалай ол? Такси  еткенге жақсы.

Техникалық регламентте көрсетілген қауіпсіздік жастығы, ABS дегендер «Нексия» мен «Матиздің» санатындағы ресейлік көліктерде де жоқ. Бірақ Кеден одағының аумағында құрастырылғандықтан бұларға жеңілдік жасалыпты. Әзірге 15-ші жылға дейін екен. Ал аяқасты ең өтімді көліктерін сату мүмкіндігінен қағылған өзбекстандық компания енді «Нексия» мен «Матиз» орнына классы сәл жоғары көліктерін жеткізбек. Бірақ олардың бағасы да қымбат болары айтпаса да түсінікті.