Жарияланды: 510

Нидерландының 10 компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатыспақ

Нидерландының 10 компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатыспақ

Нидерланды елінің он шақты компаниясы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыспақ. Энергетика, көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы мен баламалы энергия көздері салаларында істеп жатқан кәсіпорындар елімізде өтетін ауқымды шарада өз өнімдерін ұсынуға дайын.

Бұл туралы «ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаевтың Нидерланды Корольдігіне сапары барысында мәлім болды. 

Нидерланды мемлекеті - Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі. Еуропа елінен бізге құйылған қаражат көлемі 56 миллиард АҚШ долларын құрайды. 

Алдағы уақытта бұл әріптестік одан әрі нығаймақ. «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев Нидерланды үкіметі өкілдері және өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер конфедерациясының жетекшілерімен кездесуде осы тақырыпты өрбітті.  Тараптар екі мемлекет арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейінің жоғары екендігін ерекше атап кетті, деп жазады khabar.kz

Сондай-ақ жасыл экономика мен жаңа технологияларды дамытудағы өзара әрекеттестік жайлы әңгіме қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін