Нигерияда лакестік шабуылдан 118 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нигерияда лакестік шабуылдан 118 адам көз жұмды

Нигерияда лакестік шабуылдан 118 адам көз жұмды

Нигерияда екі бірдей жойқын жарылыс 118 адамның өмірін жалмады. Тағы 46 адам ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Лаңкестік шабуыл елдің орталығындағы Джос қаласында болған.

  • 22 Мамыр 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Бірінші жарылыс күндіз адам лық толы базарда орын алды. Бомба тиелген жүк көлігінің күлі көкке ұшты. Маңайда тұрғандардың тірі қалғаны жоқ. Жойқын жарылыс толқынынан тіпті сол маңдағы ғимараттар да опырылған. Полиция апат орнын бекітеміз дегенше, жарты сағаттан кейін тағы бір бомба толы көлік госпитальдың жанында жарылды. Әзірге 118 адамның денесі табылған. Дегенмен қирандылар астында әлі де мәйіттер жатуы ықтимал. Қос бірдей жарылысты әлі ешқандай лаңкестік ұйым мойнына алмады. Айта кетейік, бұған дейін Джос қаласына “Боко Харам” лаңкестік ұйымы бірнеше мәрте шабуыл жасаған. Биылдың өзінде сол содырлардың кесірінен Нигерияда мыңнан астам адам көз жұмыпты. Осы “Боко Харам” лаңкестері жуырда 200-ден астам оқушы қызды тұтқынға алған болатын.