Нигерияда жерге таласқан малшылар 69 адамды қырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нигерияда жерге таласқан малшылар 69 адамды қырып кетті

Нигерияда жерге таласқан малшылар 69 адамды қырып кетті

Нигерияның солтүстік-батысындағы Катсина өңірінде бірнеше елді мекендерге жасалған шабуылдардан кем дегенде 69 адам құрбан болды.

  • 14 Наурыз 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған малшылар. Олар мотоциклдермен келіп, адамдарды жаппай өлтіре бастаған. 

Бейсенбіде тек бір ғана ауылдың өзінде 47 адам жерленген. Барлық қауіпсіздік күштері Катсина штатында сапарда жүрген нигериялық президент Гудлак Джонатанды күзетіп жүргенде аталған ауылдарда қанды қырғын болып жатқан, дейді жергілікті депутаттардың бірі.

Бұл қанды оқиғаға фулани бақташылары мен жергілікті тив тайпасының диқаншылары арасындағы бұдан әлдеқашан басталған жер дауы себеп болуы мүмкін, деп жазады
БИ-БИ-СИ
. Олар жерге таласып, мал бағу құқығы үшін жанжалдасуда.