Жарияланды: 560

Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды

Байқоңыр. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта зымыран тасығыш техникалық жанармай құю станциясынан темір жолмен ұшырылым кешеніне тасымалданды. Зымыран тасығыш ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды. Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі констукторлық бюросы, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындыққа кірісті. Ғарыш мамандары төрт тәулік бойы ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіп, ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексереді. Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі. Nimiq 4 жер серігі тамызда ғарыш айлағына жеткізілді. Оны алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 19-шы қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть