Н.Назарбаев: Қазақстан ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қосылуын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: Қазақстан ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қосылуын қолдайды

Н.Назарбаев: Қазақстан ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қосылуын қолдайды

Қазақстан ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қосылуын қолдайды.

  • 10 Шiлде 2015
  • 644
Фото - Caravan.kz

Бүгін Уфада өтіп жатқан ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін беймаза әрі жауапты кезеңде Шанхай ынтымақтастық ұйымы төзімділік пен өмірге қабілеттілік сынағын бастан кешіруде», деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Уфа саммиті қазіргі кезеңдегі сын-қатерлерді еңсерудегі нақты оқиғаға айналатындығына сенім білдірді. «Біз ұйымның ықпалын одан ары өсіру, әлемдік аренадағы беделін арттыру кезеңінде тұрмыз», деп қосты ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұйым дамуының оң үрдісі бар екендігін атап өтті.


«Оған ШЫҰ-ның екі стратегиялық тірегінің қатарласа ілгерілеуі дәлел бола алады. Біріншіден, өз қызметінің алғашқы күнінен бастап Шанхай үдерісі нақты, теңгерімді және жан-жақты құрылым ретінде паш етілуде. Осыған орай біз Үндістан мен Пәкістанның мүше мемлекет мәртебесін алу процедурасын іске қосу туралы шешімін толықтай қолдаймыз. Үндістан мен Пәкістанның халықаралық беделі, тәжірибесі және экономикалық әлеуеті біздің ұйымның болашақ перспективасы үшін зор сүйеніш болады», деді Н.Назарбаев.