«Ресей мен Қазақстандағы өрттер, Жапонияда болған жер сілкінісі төтенше жағдайлар жөніндегі орталық құру қажеттілігін қуаттайды. Әріптестеріме төтенше жағдайлар жөніндегі кеңес құруды ұсыну орынды деп есептеймін», — деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні ұйымның мерейтойлық саммитінде.
Сондай-ақ, ол тұрақты түрде қызмет ететін ұлтүстілік болжау институтын құрып, барлық ұлттық болжау ресурстарын біріктіріп, ШЫҰ-ның бірыңғай болжам жасау орталығын құруды ұсынды.
«Күшімізді біріктірсек, біз ШЫҰ-ның 2030-2050 жобалық болжамдарын жасай аламыз, бұл жаһандық экономикалық дағдарыстарға қарсы тұру үшін қажет», — деді ол.