Америкалық сарапшы Джек Эдлоу: «Ядролық қарусыздану саласында әлем мойындаған қазақ көшбасшысының бұндай құрметке ие болуы заңды», — дейді. Бұл пікірін сарапшы бүгін саммит қарсаңында өткен атом өнеркәсібіне арналған жиында білдірді.
Айта кетейік, саммитке Мемлекет басшысын АҚШ Президенті Барак Обаманың өзі шақырған болатын.
Алқалы жиында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі қаралады.
Саммитке шамамен 50 елдің басшылары мен түрлі халықаралық ұйым жетекшілері қатысады деп күтілуде.
-Саммитте бүкіләлемдік қауымдастық ядролық қарусыздану бойынша мәселелерді талқылайтыны белгілі. Мемлекет басшылары мен аталған индустрия лидерлерінің әзірлеп келген баяндамаларының негізі де осы бағытта қаланған. Президент Назарбаевтың бұл саладағы еңбегі зор болғандықтан, оның ашылуда алғысөз сөйлеуі — үлкен құрмет. Бұл әлемдік қауымдастықтың сіздердің көшбасшыларыңыздың атомды бейбіт мақсатта пайдаланып, Қазақстанда ядролық отын банкін орналастыру идеясын қолдауына көрсетілген қошемет десек болады. Менің ойымша, бұл — Қазақ елінің зор жетістігі. Айта кетейік, бүгінгі жиынға 350 елден келген сарапшылар қатысты. Олар ядролық материалдарды тасымалдау, сақтау және пайдалану мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты, — деді Аса қауіпті жүктер тасымалдау компаниясының директоры /АҚШ/ Джэк Эдлоу.