Н.Нығматулин Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясы жұмысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Нығматулин Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясы жұмысына қатысады

Н.Нығматулин Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясы жұмысына қатысады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы 17-20 наурыз аралығында Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясы жұмысына қатысады, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.

  • 17 Наурыз 2014
  • 303
Фото - Caravan.kz


Жоғары парламенттік форум өз жұмысын бүгін Женевада бастайды. Ассамблея аясында бірқатар парламенттік іс-шаралармен қатар, «ПАО Ассамблеясының 125 жылдығы: бейбітшілік пен демократияны нығайту жолындағы ПАО мүше-парламенттер міндеттемелерін растау» тақырыбында пікірталас жоспарланған. 

Жарыссөз барысында бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлейді деп күтілуде.

Қазақстандық парламентшілердің ауқымды бағдарламасы аясында Нұрлан Нығматулиннің ПАО шетелдік парламенттер делегациясының жетекшілері, Ауғанстан Волеси Джирга төрағасы А.Р.Ибрагимимен, Пәкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясының төрағасы С.А. Садикпен, сондай-ақ, Швейцария Ұлттық жиналысы төрағасы Р.Люстенбергермен және Федералдық Жиналысы кантондар кеңесінің төрағасы Х.Германмен екіжақты кездесулері межеленген.