Ноғаев жиналыста телефонын шұқылап отыратын шенеуніктерге шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ноғаев жиналыста телефонын шұқылап отыратын шенеуніктерге шүйлікті

Ноғаев жиналыста телефонын шұқылап отыратын шенеуніктерге шүйлікті

Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері ұялы телефондарынан айырылуы мүмкін. Әзірге тек жиындарда оған үңіліп отыруға рұқсат жоқ. Облыс әкімі қарамағындағыларға осындай ескерту жасады. Жиналыста қымбат гаджеттерінен көз алмайтын қызметкерлер Нұрлан Ноғаевтың әбден ашуын келтірсе керек.

  • 3 Наурыз 2015
  • 177
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

-Бұл не деген тәртіп? Премьер-министрдің орынбасары жиналыс өткізіп жатыр! Ал сендер өз телефондарыңнан көз алмадыңдар! Бұл берілген тапсырмаға деген сендердің көзқарастарыңды көрсетеді.

Әкімнің ашуын шақырған дәл осы қызметкерлер. Жоспар бойынша барлығы білім алу бағдарламасын талқылауы тиіс еді. Бірақ премьер-министрдің орынбасарына сұрақ қоюдың орнына, әкімдік өкілдері телефондарынан көз алмай отырған. Бұған ашуланған Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларды бір сілкіп алды. Мысалы мына шенеунік смартфонмен дойбы ойнаудың орнына көктемгі тасқын мәселесін талқылауы қажет болған. Бірақ күн жылығанша әлі уақыт бар деп ойласа керек, 2-3 партия ойнап үлгерді. Енді облыс басшысы алдағы жиындарда атқамінерлерді өз телефондарын сыртта қалдыруға мәжбүрлемек.