Жұмада Инглбернде (Австралия) IBF нұсқасы бойынша өңірлік титулдардың бірі үшін өткен екінші жартылай жеңіл салмақтағы айқас 12 раундта нокаутпен, Магалидің жеңісімен аяқталды.
Браун айқастан кейін ми жарақатымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күннен кейін боксшы көз жұмды.
28 жастағы Браун кәсіби рингте 22 рет жеңіп, екі рет жеңілген, бір айқасты тең аяқтаған, деп хабарлайды vesti.kz.