Нөсер жауын мен құмды дауыл соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жауын мен құмды дауыл соғады

Нөсер жауын мен құмды дауыл соғады

Қытай елдің көп бөлігінде жауын-шашынға байланысты ескерту жариялады

  • 15 Сәуiр
  • 22
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомствоның айтуынша, жексенбі күні Хэбэй, Хэнань, Аньхой, Цзянсу, Цзянси, Чжэцзян және Гуйчжоу провинцияларының кей жерлерінде күн күркіреп, екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

«Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының кейбір аудандарында және Хэбэй, Шаньдун, Цзянсу, Хубэй, Цзянси, Чжэцзян және Фуцзянь провинцияларында максималды жауын-шашын мөлшері сағатына 20-дан 40 мм-ге дейін болады», — делінген хабарламада.

Ұлттық метео-орталық сонымен қатар Солтүстік Қытайдың кейбір бөліктеріндегі құмды дауылға байланысты көк деңгейлі ескерту мерзімін ұзартты.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда ауыр конвективтік жағдайлар бойынша үш деңгейлі ескерту жүйесі бар, қауіптіліктің ең жоғары деңгейі қызғылт сары түспен, одан кейін сары және көк түспен белгіленген.

Соңғы жаңалықтар