Новосибирскіде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының ықпалдастық комитетінің 13 отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Новосибирскіде  Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының ықпалдастық комитетінің  13 отырысы  өтеді

Новосибирскіде Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының ықпалдастық комитетінің 13 отырысы өтеді

Павлодар. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" -Новосибирскіде бүгін Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының ықпалдастық комитеті жанындағы баламалы ғылыми дәрежелерді, атақты, білімді екі жақты мойындау жөніндегі кеңесінің 13 отырысы өтеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Новосибирск облысы губернаторының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Қараша 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Кездесу кезінде ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің мемлекет аралық көп жақты білім саласындағы қарым -қатынастарының дамуы, өркендеуі, қазіргі жағдайы талқыланады. Сондай-ақ, бұл ұйымға кіретін елдердің білім ұйымдарын аккредитациялау, аттестациялау салаларында қарым- қатынас жасау жобалары қарастырылады», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Отырысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мне Өзбекстан, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы мен интеграциялық комитеті хатшылығының өкілдері, сондай -ақ, ұйымға мүше- мемлекеттердің оқу орындарының жетекшілері қатысады.

Форум қатысушылары Сібір оқу орындары мен ғылыми орталықтарын аралап, жергілікті жоғары оқу орындарының жетекшілер және ғылым қызметкерлерімен кездеседі. Новосибирск — Ресейдің ірі ғылыми орлықтарының бірі, онда өнеркәсіп, экономика, медицина, ғарыш сияқты салаларының жаңа технологиялары жасалып шығарылады, деп хабарлады Новосибирск губернаторының баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті