"Ну, погоди" авторларының бірі өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ну, погоди" авторларының бірі өмірден өтті

"Ну, погоди" авторларының бірі өмірден өтті

Орыс жазушысы, драматург, "Ну, погоди" авторларының бірі Александр Курляндский қайтыс болды, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".

  • 21 Желтоқсан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Дереккөз мәліметінше, Александр Курляндский 83 жасында қайтыс болды. Бұл мәліметті басылымға жазушының туыстары растады. Бірақ оның неден қайтыс болғаны айтылмады.

Курляндский — 10 сериялы "Великолепный Гоша", 3 сериядан тұратын "Возвращения блудного попугая" мультсериалдардың авторы.

Сонымен қатар, ол "Вы не были на Таити?", "А нас и здесь неплохо кормят!", "Прелестно!", және "Попугай Кеша ищет клад" атты 4 повесть жазған.

Жазушы әзіл әңгімелердің де авторы болып саналады. Олардың бесеуі "Ералаш" киножурналына енген.


1970 және 1977 жылдары Александр Курляндский 2 рет "Золотой теленок", "Клуба 12 стульев", "Литературной Газеты" сыйлығына ие болған.

Соңғы жаңалықтар