"Нұр Отан" мен БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен парламентті қолдау жобасын іске асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" мен БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен парламентті қолдау жобасын іске асырады

"Нұр Отан" мен БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен парламентті қолдау жобасын іске асырады

Астана. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстандағы Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) басшысының орынбасары Стелиана Недера мен "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Парламентаризм институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева БҰҰДБ-ның "Парламентке техникалық көмек көрсету" жобасын бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне БҰҰДБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Ақпан 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл құжат екі жақ арасындағы ынтымақтастық аясы мен үлгісін анықтайды. Оның басты мақсаты — Қазақстан қоғамында биліктің сайланатын бұтағының рөлін күшейту жолымен парламент дәстүрі мен партия құрылысын дамытуда Қазақстанның ұлттық әлеуетін үдету болып табылады.

«Нұр Отан» партиясының Парламентаризм институты Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен 2007 жылдың қазан айында құрылған болатын. «Парламентке техникалық көмек көрсету» жобасының аясында институт парламент дәстүрін құру мен инстуционалдық дамудағы үздік халықаралық тәжірибені зерттеп, кей тұстарына өзгерістер енгізген. Сосын парламентаризм саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар бұл ұйымның даму концепциясын жасап шығарған.

Биылғы жылдың көлемінде Қазақстандағы партиялар арасындағы бірқатар іс-шараларды өткізуде БҰҰДБ көмек көрсетеді. Бұл үшін БҰҰ кәсіби сарапшылары шақыртылады. Олар Парламентаризм институтына партия құру, саяси партиялардың фракцияларының парламентаризмді дамытудағы рөлі, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңес беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті