“Нұр Отан” партиясы Ұлы Отан соғысының қаһарман қазақстандықтары туралы сайт құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Нұр Отан” партиясы Ұлы Отан соғысының қаһарман қазақстандықтары туралы сайт құрды

“Нұр Отан” партиясы Ұлы Отан соғысының қаһарман қазақстандықтары туралы сайт құрды

–“Нұр Отан” партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Kaharman.kz интернет-сайтын құрды,

  • 3 Наурыз 2015
  • 588
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.
“1-наурыз күні ашылған сайтта бірегей мұрағаттық құжаттар, майдан туралы тарихи деректер, әскери жылдардың музыкалы композициялары,Ұлы Отан соғысына қатысушылардың атынан твит және басқа нәрселер жария етілген”, делінген дүйсенбіде таралған ақпаратта.
"Сайттың мақсаты қолжетімді, қызықты, танымал ету үлгісінде Ұлы Отан соғысының жеңісіне үлес қосқан қазақстандықтар туралы ақпаратты жинақтау.Аса белгілі емес, бірақ соғыстың аяқталуына ықпал еткен фактілерді жариялау”, деп атап өтті “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, оның сөздері хабарламада келтірілген.
Ақпаратқа қарағанда, Kaharman.kz сайтының негізгі өзегін қазақстандық Кеңестер Одағының батырлары және Данқ орденінің толық кавалерлері туралы мәліметтер базасы құрамақ.
"Нәтижесінде 531 Кеңес Одағының батыры мен Данқ орденінің толық кавалері туралы мәліметтер базасы реттелді. Әрқайсысына жеке іс парақша арналды”, делінген онда.