2010 жылдан бастап бұл тағайындауға дейін Қ.Ақсақалов «Нұр Отан» орталық партиясы орталық аппаратының жетекшісі қызметін атқарды, деп бүгін «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Партияның орталық аппаратының жаңа басшысы болып Әсел Жүнісова тағайындалды. Ол бұған дейін партия орталық аппараты басшысының орынбасары болған.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр Отан» орталық аппаратының жаңа басшысын таныстыра отырып, Ә.Жүнісова партияда басшылық қызметке тағайындалған алғашқы әйел болып отырғанын мәлімдеді.
Бұл партия басшысы тарапынан көрсетілген үлкен сенім. Біз бұл тағайындауды әйелдердің партия қызметіндегі ғана емес, жалпы қоғам мен мемлекетті дамытудағы маңызды рөлін мойындау ретінде қабылдаймыз», — дейді Б.Байбек.